23.05.2022, 12:30
Оқылды: 56

Пауэрлифтингтен өткен облыстық чемпионат

14-15 мамыр күндері Казталов ауданында классикалық және жабдықталған пауэрлифтингтен жасөспірім ұлдар мен қыздар және жастар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.

8

Чемпионаттың ашылу салтанатына аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев, Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов, пауэрлифтингтен бірнеше дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионатының жүлдегері, пауэрлифтингтен БҚО-ның аға жаттықтырушысы Владимир Шкирман, пауэрлифтингтен Азия чемпионы Аман Қапышев, Азия чемпионы Сара Айтасова, пауэрлифтингтен Орал қаласының жаттықтырушысы Анастасия Сергейқызы қатысты.

5

Облыстық чемпионатқа Орал және Ақсай қаласы мен Тасқала, Бөкей ордасы ауданының Хан орда, Темір Масин, Жиекқұм ауылдарынан, Казталов ауданының Қараоба, Бірлік ауылдарынан келген командалар және Казталов аудандық орталық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы қатысты.

7

Жалпы саны 70-ке жуық спортшы 19 салмақ дәрежесі бойынша өз бақтарын сынады.

6

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Казталов аудандық ОБЖСМ мектебі жеңімпаз атанса, екінші орынды Орал қаласынан келген команда, үшінші орынды Ғ.Қараш мектеп гимназиясы иеленді. Жарысқа қатысушы үздіктер дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.

4

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале