14.04.2024, 11:01
Оқылды: 37

Переметный ауылында комиссия жұмысын бастады

Переметныйда төтенше жағдайға тап болған аудан жұртшылығына ерікті түрде көрсетілетін гуманитарлық көмекті және қорларға түскен қаржылай көмекті қабылдау, сақтау және оны таратып беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.

IMG-20240413-WA0136

Аудан әкімінің 8 сәуірдегі №22 өкімі бойынша құрылған аталмыш комиссия құрамында мемлекеттік құрылым, саяси партия, қоғамдық ұйым, БАҚ өкілдерінен құралған 15 адам бар.

IMG-20240413-WA0137

Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ерлан Ғалиевтің айтуынша, комиссия Бәйтерек  ауданына келіп жатқан көмек ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кетпеуін қадағалайтын болады. Сонымен қатар қай ауылда, кімдер көмекке мұқтаж екенінін анықтап, сол бағытта жұмыс жүргізіледі.

IMG-20240413-WA0138

Аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Жанар Ғұбашеваның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда аудандық гуманитарлық қорда «AMANAT» партиясынан, ҚР Қызыл жарты ай қоғамынан келген төсек-орындар, ҚХА мен «Respublica» партиясы жіберген азық-түлік және жеке адамдар берген киім-кешек бар.

IMG-20240413-WA0140

Жиында облыс орталығынан келетін гуманитарлық көмекті қауіпсіз жеткізу жайы, оларды аудан орталығында жинау, тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау орындары айқындалды. Сондай-ақ гуманитарлық көмектерді ауылдық округ әкімдерінінің тапсырыстарына сай бөлу жайы сөз болды.

Серік Маратұлы, 

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале