19.11.2025, 16:00
Оқылды: 166

Подстепное ауылында супермаркет ашылды

Бүгін тоғыз жолдың торабында орналасқан Подстепное ауылында жаңадан «Әлеуметтік» супермаркеті ашылды.

d72a21a4-c0b0-42dd-bd51-50698c1c9208

Ашылу салтанатына аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев қатысып, жүрекжарды тілегін жеткізді. Мәслихат төрағасы Әлжан Жақсыгерейұлы мен супермаркет иесі Ерболат Имашев әлеуметтік дүкеннің лентасын қиды. Күнделікті таңғы сағат 8-ден кешкі 21.00-ге дейін есігі айқара ашық тұратын супермаркеттен тұтынушылар барлық іздегенін таба алады. Азық-түлік пен шаруашылық тауарлары халықтың сұранысына ие.

3fab6e97-5a9d-493f-8015-66fb57f0f7a6

- Подстепное ауылы қазіргі таңда аумағы үлкейіп келеді. Оның үстіне қалаға кіреберіс жолдың бойы болғандықтан осындай әлеуметтік дүкендер халыққа қажет деп түсіндік. Өткен жылдары «Әлеуметтік» супермаркетін ашқанбыз.

Оны биылдан бастап құрылыс заттарына арнадық. Ал жаңадан ашылып жатқан супермаркет азық-түлікпен қамтылуда. Болашақта супермаркеттің екінші қабаты киім-кешек, шаштараз, сұлулық салондары мен тігін цехына арналады. Қазірдің өзінде 30 адамға жуық жұмыс орынын ашып отырмыз. Барлығыда Подстепное ауылының тұрғындары,- дейді «Имашев» ЖК жетекшісі Ерболат Имашев.

f2acd183-ea13-4a74-8e48-0b5f62858351 3e698f02-97fb-4f40-a2ca-c639a3bac098

Темірболат Тоқмамбетов,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале