Өткен жазбаларымызда басылымға жазылу науқаны басталғаны жөнінде айтқанбыз. Соның ішінде Теректі аудандық "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" қоғамдық-саяси газетін қолдаудың маңыздылығын да тілге тиек еттік.
Міне, сөзден іске көшіп, аудан айнасын ауылдық округ әкімдіктері қолдап бастады. Соның ішінде, Подстепный ауылдық округ әкімдігі ұжымы тегістей "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетіне жазылды. Округ әкімі Сержан Мәдиев өзі арнайы "Қазпошта" бөлімшесіне барып, басылымға қамқорлықты іс жүзінде танытты.
"Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетін ауылдық округте қолдаушылар көп екен. Округ әкімінің айтуынша, Подстепныйдағы мекемелер газетке жазылу науқанынан қалыс қалмаймыз деп отыр.
Олай болса, Подстепный бастап берген тамаша бастаманы тағы қай округтер жалғастырар екен?!
Есіңізге саламыз, біз үшін әр оқырман маңызды!
Әділет Орынбасарұлы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz