Таяуда Подстепный ауылында аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «ASAP-ORAL» жеке қоры мен Теректі колледжі «Ақиқат» дебат клубының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер және жастар арасында «Қазақстан бүгін және болашақта» пікірсайыс турнирі өтті.
Британдық парламент бағытында өткен турнир қоғамдағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып аясында жалғасты. Ақтық кезеңге 3 команда өтіп, жүлдегерлер анықталды. Қоғамдағы ең өзекті сыбайлас жемқорлық мәселесін тамырынан шабу үшін өзгеше ұсыныстар айтылды.
Сайып келгенде Подстепный ауылдық округі әкімінің апппарат жастары жеңіс тұғырынан көрінсе, 2 орынды аталмыш ауылдың мәдениет үйі қызметкерлері еншілеп, 3 орынды Теректі ауылдық округі әкімдігінің мамандары місе тұтты.
Қатысушыларға алғысхаттар мен сыйлықтар табысталды. Алдағы уақытта пікірсайыс тағы да ұйымдастырылса екен деген тілекпен тарқасқан команда мүшелері ерекше әсер алған.
Ақтілек Әлібек
Теректі ауданы