4.07.2019, 16:32
Оқылды: 285

Подстепныйда кардиологиялық кабинет ашылды

Облыс орталығына жақын орналасқан Подстепный ауылында жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларын анықтау, ем тағайындау мақсатында кардиологиялық кабинет ашылды.

 1

Білікті дәрігер-кардиолог Райхан Жошының бастамасымен ашылған кабинет күніне орта есеппен төрт адамды қабылдайды. Сонымен қатар науқастарды ЭКГ-ға түсіріп, тіпті үйден түскен шақыртуларға да барады.

Райхан Бауыржанқызы теректіліктер үшін бөтен адам емес. Ол еңбек жолын аудандық орталық ауруханада бастаған. Одан кейін Подстепный дәрігерлік амбулаториясында жалғастырған.

11

-Бірнеше жылдан бері жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларының таралуы алдыңғы орынды бермей келе жатыр, өлім де көп. Ауыл тұрғындарына қалаға қатынау қиындық тудыратынын білемін. Подстепный ауылы тұрғындарынан бөлек, Жаңа өмір, Барбастау, Юбилейный, Ұзынкөл, Социализм, Пойма, Магистральный, Әйтиев ауылдарынан да көптеген науқас хабарласып, кеңес алып, тексерілу үшін кезекке тұруда. Кардиологиялық кабинетті өз күшіммен ашып, ішін жабдықтадым. Халыққа сапалы қызмет ету үшін тырысудамын,-дейді Райхан дәрігер.

Айта кету керек, кабинет Подстепный ауылындағы «Мәди» сауда үйінің екінші қабатында орналасқан.

Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале