Ұлыстың Ұлы күніне орай Теректі ауданының Подстепный ауылында «Наурыз қоржын» атты шара өтті.
Оған аталмыш ауылдың қос мектебімен қатар Долин, Ақсуат, Шаған, Юбилейный ауылдарынан барлығы 100 оқушы қатысты.
Мерекелік шараның атауы айтып тұрғандай, осы жерге жиналған оқушылар сый-сияпатқа кенеліп, ұлттық тағамдардан дәм татты.
Айта кетейік, шараға «Батыс ЭкоТранс» ЖШС демеушілік танытып, балаларды қуантуға септігін тигізіп отыр.
Гүлстан Сатыбалдиева,
Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі