Баршаға белгілі Франция астанасы Парижде ХХХІІІ жазғы Олимпиада өтіп жатыр. Қазақ елі жерлестері үшін тақымын қысып отыр. Осы орайда Теректі ауданының жұртшылығы қазақстандық спортшыларды қолдауда аянбай, Подстепный ауылында волейболдан аудандық ашық турнир өткізіп жатыр.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы Медет Назаралиев, Подстепный ауылдық округінің әкімі Мейірбек Сұлтанов, Теректі спорт клубының директоры Дастан Мырзағалиев қатысты.
Қалаубек Баубекұлысөз кезегін алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Гимн шырқалып болған соң жарыстың бас төрешесі Салауат Қажғалиев ережені түсіндіріп өтті.
Айта кетейік, еліміздің Туын көкке көтеруге ниетті, намысты жыққысы келмейтін спортшыларға дем беру үшін ұйымдастырылған ашық аудандық турнирде Ақжайық, Бәйтерек, Шыңғырлау, Тасқала, Бөрлі, Теректі аудандары, Орал, Ақсай қалаларының командалары бақ сынайды.
Ақтілек Әлібек
Теректі ауданы