Қарт дегеніміз — ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Қариялар — халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір, тұнып тұрған шежіре, кемел тарихымыз. Қариялар күніне орай Теректі ауданында түрлі шаралар жүзеге асуда. Соның бірі — Подстепный ауылдық округінде өтті.
Аталмыш округ әкімі Сержан Мәдиевтің бастамасымен, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен мерекелік дастархан жайылды. Емен-жарқын жүздесу барысында аудан әкімі Тілек Габдушев осынау мерекемен құттықтап, меймандарға денсаулық тіледі. Сонымен қатар ақын Дариға Мұштанова да өз лебізін жеткізді.
-Қадірлесең кәріңді, қадірлермін бәріңді» дегендей, бізді құттықтап келген, сый-сияпат көрсеткен басшылыққа алғысымызды білдіреміз. Мереке құтты болсын. Барлығыңыз бір-бір үйдің ақылшысы болып отыра беріңіздер,— деді Дариға Ғазезқызы.
Ал подстепныйлық өнерпаздар әннен шашу шашты.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz