30.09.2022, 23:29
Оқылды: 56

Подстепныйлық қарияларға құрмет көрсетілді

Қарт дегеніміз — ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Қариялар — халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір, тұнып тұрған шежіре, кемел тарихымыз. Қариялар күніне орай Теректі ауданында түрлі шаралар жүзеге асуда. Соның бірі  — Подстепный ауылдық округінде өтті. 

ә

Аталмыш округ әкімі Сержан Мәдиевтің бастамасымен,  жеке кәсіпкерлердің қолдауымен мерекелік дастархан жайылды. Емен-жарқын жүздесу барысында  аудан әкімі Тілек Габдушев осынау мерекемен құттықтап, меймандарға денсаулық тіледі. Сонымен қатар ақын Дариға Мұштанова да өз лебізін жеткізді.

-Қадірлесең кәріңді, қадірлермін бәріңді»  дегендей,  бізді құттықтап келген, сый-сияпат көрсеткен басшылыққа алғысымызды білдіреміз.  Мереке құтты болсын. Барлығыңыз бір-бір үйдің ақылшысы болып отыра беріңіздер,— деді Дариға Ғазезқызы.

д

Ал подстепныйлық өнерпаздар әннен шашу шашты.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале