20.03.2024, 17:48
Оқылды: 30

Поэтикалық дуэль: бас жүлдені теректілік ақын жеңіп алды

Кеше Жәнібек ауданында поэзия салтанат құрған күн болды.

адок

Жәнібектік сыршыл ақын Рахметолла Егізбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Жәнібек ауданы әкімдігі және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің қолдауымен Жәнібек аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газеті жариялаған «Іздедім сені» атты облыстық жас ақындар поэтикалық дуэлі мәресіне жетті.

адок +

Өңірдегі 14-35 жас аралығындағы жас ақындар доданың І кезеңінде Жәнібек ауданын немесе Рахметолла Сүйіндікұлының ғұмыр жолына арнаған өлеңдерін ұйымдастырушылар алқасына жолдады. Сол іріктеуден өткен ондық Жәнібек төрінде өлең оқып, ақындық қарымын көрсетті.

«Сен тұр, мен айтайын» дейтін ондық ішінен суырылып шығып, бас жүлдені теректілік ақын Әділет Орынбасаров иеленді.

Жыр саптауы ерекше, екі жинағы жарық көрген, жыр сайыстарынан жүлдесіз қайтпаған Әділет Әлібекұлы осы жолы да мықтылығын дәлелдеді.

 

Тамара Жұмат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале