9.08.2023, 17:15
Оқылды: 78

Погонды аруға құрмет көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінінің бастығы, полиция подполковнигі Арман Оразалиев Сырым аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі, полиция майоры Шайзада Жасталапованы құрметті еңбек демалысына шығуына орай қабылдап, ілтипат көрсетті.

Шайзада

Шайзада Жасталапқызының ішкі істер саласындағы қызметі 2002-2006 жылдары Орал қалалық ішкі істер басқармасында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлығынан басталды.

2006-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің ҚҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, 2010-2012 жылдары Сырым АПб кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, 2012-2016 жылдары Сырым АПб кадр тобының инспекторы, 2016-2022 жылдары Сырым АПб азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторы, 2022-2023 жылдары Сырым АПб тергеу тобының аға тергеушісі қызметтерін абыроймен атқарды.

Погонды ару еңбек еткен жылдары ішкі істер министрлігінің грамотасы, «ІІМ үздік қызметі үшін» төсбелгісімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталды.

Әйел болғанына қарамастан, полицейге тән бірбеткейлік, қайсарлық, әділдік, алғырлық секілді қасиеттер Шайзада Жасталапқызының бойына шоғырланған.

Сырым аудандық полиция бөлімінің бастығы Ренат Серіков әріптесі туралы:

– Шайзада Жасталапқызы жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Білімді. Берген тапсырманы тыңғылықты орындайды. Бүгінге дейін полиция бөлімінің бірнеше саласында қызмет етті. Былтырдан бастап тергеу бөлімшесінде еңбек етті. Жеке құрам арасында беделді, сыйлы. Сәттілік пен денсаулық тілеймін, - дейді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале