15.02.2024, 20:51
Оқылды: 7

Полиция бөлімі чемпион атанды

Жәнібек аудандық спорт клубында мекеме қызметкерлері арасында волейболдан қысқы лиганың финалдық кезеңі өтіп, үздіктер анықталды.

427892169_945061284290213_540976535953773292_n

Екі сағаттан астам уақытқа созылған қызу тартыста ең мықтылар биіктен көрінді. Көрермендердің өте белсенді қолдауына ие болған командалар жоғары деңгейде ойын көрсетті.

427894371_945409980922010_7768591606205483085_n

Атап өтсек, 3-орынға М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі ие болса, 2-орынға Ұзынкөл ауылы қол жеткізді. Аудандық полиция бөлімі бас жүлдені жеңіп алды.

Райымбек Шапағат,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале