10.12.2021, 16:30
Оқылды: 171

Полиция бөлімі – жаңа ғимаратта

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қаратөбе аудандық полиция бөліміне берілген ғимараттың ашылу салтанаты өтті.

 Полиция гимарат (5)

Салтанатты шарада БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абылайхан Серіков, аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Роман Дүйсеғалиев құттықтау сөз сөйлеп, полиция бөлімі қызметкерлерін Тәуелсіздік мерекесімен және ғимараттың ашылуымен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Сонымен қатар аудандық полиция  бөлімінің ардагері Серік Ғалымұлы құттықтау сөз алып, аудандық ішкі істер ардагерлерінің атынан аудандық полиция бөліміне сыйлық табыстады. Шара сазды сәлем «Батырлар ұраны» атты әнмен жалғасын тапты.

Мерекелік шарада полиция бөлімінің ардагер-зейнеткерлері Қуаныш Мәжитұлы, Ерген Қазиұлы, Амандық Өтепқалиев, Амангелді Рашидұлы, Моряк Фазылғалиев БҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры М.Аблазимовтың алғысхатымен марапатталды.

Мереке қарсаңында ашылған нысанның лента қию рәсімін Абылайхан Серікұлы мен сала ардагері Амандық Өтепқалиев жүргізді, шараның қонақтары жаңа ғимараттың ішін аралап, танысты.

Халила Моржанова,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале