23.06.2023, 11:15
Оқылды: 41

Полиция қызметкерлері алғысқа бөленді

 С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында Қазақстан Республикасы полициясының құрылғанына 31 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, сала ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

20230622133049_IMG_0969

Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы ауданымыздың полиция қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар ауданымыздың құқық қорғау саласында, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еңбек етіп жүрген бірқатар полиция қызметкеріне аудан әкімінің алғыс хатын табыстады. Ал Казталов ауданының полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Тимур Бисенов әріптестеріне БҚО Полиция департаменті бастығының, департаменттің ардагерлер кеңесінің алғыс хаттарын табыстап, өз атынан бірқатар маманды алғыс хатпен марапаттады.

20230622134155_IMG_0986

Бүгінгі мерекелік жиында кеудесіне төсбелгі тағып, шені жоғарылаған азаматтар да болды. Атап айтар болсақ, Казталов ауданының полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нұркен Қалманов, сала ардагерлері Қуат Байдуллин, Бекжан Әлімов «Қазақстан полициясы» төсбелгісімен марапатталса, Аят Ғалиасқаров және Ернар Қалимоллин «полиция аға лейтенанты» кезекті арнаулы атағын алды.

20230622133959_IMG_0983

Мерекелік жиында ауданымыздың мәдениет саласының майталмандары патриоттық әндер шырқады.

20230622135622_IMG_1021

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

20230622140524_IMG_1026

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале