19.05.2026, 17:20
Оқылды: 10

Полиция қызметкерлері музейге экскурсия жасады

18 мамыр – Халықаралық музей күні аясында Шыңғырлау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудандық музейге арнайы экскурсия жасап, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұраларымен танысты. Тағылымды шараның мақсаты – тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеу, қызметкерлердің рухани танымын кеңейту және ұлттық мұраға деген құрметті арттыру болды.

image-19-05-26-05-04 (3)

Экскурсия барысында полиция қызметкерлері музей қорында сақталған көне тарихи жәдігерлерді, ұлттық құндылықтарды және ауданның өткені мен бүгінінен сыр шертетін бірегей экспонаттарды тамашалады. Әсіресе, ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін бұйымдар мен ел тарихындағы маңызды кезеңдерді бейнелейтін жәдігерлер қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Музей қызметкерлері экскурсия барысында Шыңғырлау ауданының қалыптасу тарихына кеңінен тоқталып, өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар туралы мазмұнды ақпарат берді. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-мәдени өмірі, тарихи орындары мен ел жадында сақталған маңызды оқиғалар жайында да әңгіме өрбіді.

image-19-05-26-05-04 (2)

Шара соңында Шыңғырлау ауданының ПБ -  нің бастығының кадр жөнінде орынбасары, полиция майоры Біржан Есмұқан  музей ұжымына алғысын білдіріп, мұндай тәрбиелік мәні зор кездесулердің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары  Біржан Өмірзақұлы музей арқылы кез келген қоғам тарихи-мәдени мұраларға деген көзқарасын, құрметін білдіреді деген пікірін жеткізді.

 

Сара Шакрат

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале