БҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абылайхан Серіков аудандық полиция бөлімінің ұжымымен кездесті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова қатысты.
Департамент басшысының орынбасарымен кездесуде Казталов аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, полиция майоры Марлен Қарабаев 2023 жылдың 6 ай бойына атқарылған жұмысы жөнінде баяндады.
- Аудандағы 2023 жылдың 6 айлық жедел жағдайдың талдамасы бойынша Казталов аудандық полиция бөлімі аймағында 47 сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізімі тіркеліп, соның 34-і өндіріспен аяқталды. Қылмыстардың жалпы ашылуы – 72,7 пайызды құрап отыр. Тіркелген қылмыстардың ішінде көп орын алып отырғаны бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы. Соның ішінде 16 мал ұрлығы, бір пәтер ұрлығы, бір ұялы телефон ұрлығы тіркелген, – деді.
Жиында құқық қорғау органдары қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың аудан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы өзара іс-қимыл жұмысы талқыланды.
Сонымен қатар БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары мал ұрлығының, жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмысын жетілдіру, қылмыстарды ашу көрсеткішін арттыру, пробация есебіндегі азаматтарды бақылауды күшейту бағытында бірқатар тапсырма берді.
Сондай-ақ облыстық полиция департаменті тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.
Асылбек Нәсіпқалиұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz