5.01.2025, 13:12
Оқылды: 55

Президенттің толғамды ойлары түйінделген сұхбаты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Мақсатым - экономиканы және егемендікті нығайту” атты сұхбаты шықты. Сұхбатты оқып шығып, Президентіміздің еліміздің ішкі де, сыртқы да мәселелерін тасада қалдырмайтынын, барлық жағдайдан хабардар екендігіне көз жеткіздік.

WhatsApp Image 2025-01-05 at 14.03.32

Өткен, 2024 жыл еліміз үшін өзгерістерге, жаңалықтарға толы жыл болды. Атап айтсақ, Мемлекет басшысының бастамасымен “Ұлттық қор - балаларға” бағдарламасы өз жұмысын бастады. Бұл балалардың болашағы үшін керемет мүмкіндік. Сонымен қатар еліміздің көптеген сала қызметкерлерінің жалақысы, зейнетақы мен шәкіртақылары өсті.

Мемлекет басшысы 2024 жылдың көктемі еліміз үшін үлкен сынақ болғанын да айтып өтті. Себебі еліміздің көптеген аймақтарын тасқын су басты. Сол уақыттарда бұл тасқын елімізде бұрын соңды болмаған апат екендігі айтылды. Бұл уақытта кім-кімгеде оңай соққан жоқ. Зардап шеккендер үйлерінің кілті қолдарына тигенше баспаналы болатындарына сеніңкіремей де жүргендері туралы естідік. Қазіргі уақытта барлығыда өз баспаналарында жаңа жылды қарсы алды. Бұл үлкен қуаныш. Көктемгі апат салдары еліміз үшін үлкен сабақ болғаны белгілі. Алдағы уақытта халқымыз табиғат апаттарынан зардап шекпей, еліміз төтенше жағдайға әрқашан дайын болады деген үміттеміз.

Бақыт Ахметова,

Бөрлі ауданының тұрғыны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале