14.09.2022, 15:30
Оқылды: 93

Пробация қызметін алушыларға арналған ашық есік күні

Бүгін Шыңғырлау ауданы орталығында пробация қызметін алушылар үшін арнайы ашық есік күні өтті. Бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру мақсатында өткен шарада аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев, аудандық прокурордың міндетін уақытша атқарушы Серік Орынғалиев, жұмыспен қамту орталығының директоры Бауыржан Наурызалиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Саян Баймұқанов, пробация қызметінің бөлімше басшысы Асхат Дүйсенғалиев және басқа да басшылар сұрақтарымен келген азаматтарды қабылдап, тиісінше жауап, көмек қажет болғандарға бағыт-бағдар беріп, түрлі мекемелерге жолдады.

IMG-20220914-WA0006

Сондай-ақ бұл күні аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаевтың төрағалығымен жиын өтті. Жиында аталған қызметтің ауданда атқарылу барысы туралы пробациялық қызмет бөлімше бастығы Асхат Дүйсенғалиевтің, учаскелік полиция басшысы Тимур Габдуллиевтың баяндамалары тыңдалып, талқыланды.  Мекеме басшыларымен көзбе-көз сөйлесіп, сұрақтарын қойғандар жиында көкейлерінде жүрген ой-пікірлерін айтып, кейбіреулерінің өтініш-тілектері қаперге алынды.

Айта кету жөн, аудан көлемінде пробация қызметін алушылар саны бүгінгі таңда 20-ға жуық. Оларды жұмыспен қамту орындалуда және әлеуметтік және психологиялық та көмек түрлері көрсетіліп келген. Жұмысқа орналастыруда мәселелер де жоқ емес, себебі көпшілігінің есепшоттары бұғатталуы болып келеді. «Дегенмен көмек, қолдаулар арқасында ешкім де жұмыссыз қалмауы тиіс, шамамыз келгенше олардың өздерін және отбасын асыраулары үшін жұмыстар  жүргізудеміз», - дейді Саян Баймұқанов.

                                                          Айсұлу Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале