27.11.2018, 16:12
Оқылды: 56

Пятимарда мал ұрлығы өршіп тұр

Бұл жайлы Жаңақала ауданының Пятимар ауылдық округіндегі учаскелік полиция инспекторының есеп беру жиналысында айтылды.

жанакала (3)

  Жиында учаскелік полиция инпекторы Біржан Жақиев баяндама жасағаннан кейін зейнеткер Сабыр Нұрқатов Пятимарда мал ұрлығының өршіп тұрғанын баяндап, мал бақтыруды ауыл әкімінің ұйымдастыра алмай отырғанын айтты. Сапасы сын көтермейтін жолдың жайы не болып жатқанын сұрады. Сондай-ақ С.Нұрқатов көл жағалай өскен қоғаларды жаппай өртемеу керектігін жеткізді. Мұнан соң шаруа қожалығының жетекшісі Жұмахмет Мұқанов далада киіктің қырылып жатқанын айтып, дабыл қақты.

         Жиынды аудан әкімі Н.Қарағойшин қорытындылап, жоспарлы жұмыстар рет-ретімен атқарылатын мәлімдеді.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале