2.11.2021, 9:42
Оқылды: 39

Рафхат–жеңімпаз!

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында еңбек әулеттері мен өндіріс жұмысшылары арасында «Еңбек жолы» республикалық байқауы өтті. Байқауда Тайпақ электр торабы Құрайлысай учаскесінің электр шебері Рафхат Аяпов «Өндірістің үздік жас маманы» аталымын жеңіп алды.

WhatsApp Image 2021-11-02 at 08.59.14 (5)

Айта кетсек, аталмыш байқайдың мақсаты – еңбек адамының абыройын арттырып, жұмысшы  кәсіптерін насихаттау, жастарды өндіріс саласына тарту болатын. Республикалық байқауға облыстық кезеңнің жеңімпаздары жолданды. Орал қаласында өткен «Еңбек жолы» облыстық байқауына 24 үміткер қатысты. Қазылар алқасының шешімімен «Үздік еңбек әулеті» аталымы Герасимчуктер әулетіне (отағасы - Евгений Герасимчук), «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымы Нұрлан Хамзин  мен Михаил Гороховқа бұйырды. Ал «Өндірістің үздік жас маманы» Рафхат Аяпов деп танылған еді. Рафхат  Аяпов  «Еңбек жолы» республикалық байқауында да жеңімпаз атанып, 1 миллион теңге көлемінде сыйақыға ие болды.

- Үйдің тұңғышы болғандықтан, отбасындағы мәселені ғана емес, туған ауылымды көркейтуді жиі ойлайтынмын.  Бұрын ауылымда электр жарығы  жиі сөніп қалатын.  Электр шебері  де жетіспейтін. Содан мектепті  бітірген соң, Ақжайық  аграрлық-техникалық колледжіне электр шебері  мамандығы бойынша оқуға түстім. Кейін Құрайлысай учаскесіне электр шебері болып жұмысқа кірістім. «Еңбек жолы» байқауы туралы  ұжымдағы жиналыста айтылды.  Қатысуға ниет білдіргенде, ұжымым және ауыл әкімдігі қолдау білдірді. Әр жұмыстың өзінің қиындығы болады ғой. Электр маманы болғандықтан, жоғары кернеулі электр тарату желілерімен жұмыс істейсің. Сондықтан қателесуге болмайды. Біздің жұмыс көбіне қыс мезгілінде қауырт болады. Жарық сөніп немесе электр бағандары құлап, сымдары үзіліп жатады. Сол кезде уақытпен санаспай, жұмыс істейміз. Байқауға қатысып, жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын, – дейді Рафхат  Аяпов.

Өз  тілшіміз,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале