Райгүл Сапиді сайқындықтар шебер қолды аспаз ретінде таниды. Бала күтімімен отырған жас ана, жас келін. Текке отырмай, тиын-тебенін тауып отырған пысық келіншек.
– Чапай ауылының тумасымын. Абай атындағы мектеп-гимназияны бітіргеннен кейін БҚИТУ-ға «шет тілдері» мамандығына оқуға түстім. Студенттік кезімнен бастап, қосымша табыс табуға талаптандым. Түрлі қызмет орындарында, кафелерде жұмыс жасадым. Мен 18 жасымда тұрмысқа шықтым. Денсаулық жағдайы бойынша университетті бітірмедім. Мен бір баланың анасымын. 2019-2020 жылдары Бөкей ордасы колледжінде сатушы мамандығы бойынша оқыдым. 2020 жылы "Бизнес бастау" бағдарламасы бойынша грант алдым. Міне, осы бағдарламаның көмегімен бизнес бастадым. Дәл қазір табыс табуға мүмкіндік мол, бастысы адамның өзінің ниеті болуы керек. Қазір мен кез-келген кондитерлік өнімдерге тапсырыс қабылдаймын, - дейді кейіпкеріміз.
– Кез келген істі бастап үшін тек материалдық тұрғыдан ғана емес моральдық тұрғыдан да қолдау қажет. Қолдаушыңыз кім? Балалы анасыз, тапсырыс боп, үйдегі тірліккке үлгере алмайтын қалатын кезіңіз бола ма?
– Енем маған барлық жағдайда көмектесті. Қазірде ол маған бәріне көмектеседі. Жалпы, бизнес отбасылық болуы керек. Сондықтан менің бүкіл отбасым маған көмектеседі. Ене ыдыстар жууға және тамақ дайындауға, ата мен күйеуім заказдарды жеткізу және пісірген тағамның дәмін татып, «мынауың керемет!» деп қолдау білдіріп отырады.
– Сізге қандай аспаздық бағыт ұнайды? Әзірше сізді тек торттарыңыз арқылы танимыз.
– Маған торт жасау өте ұнайды. Бұл торт мінсіз, тегіс және әдемі болған кезде, мен одан ләззат аламын. Әр ісімді үлкен шабытпен және үлкен қуанышпен істеймін.
– Айтыңызшы, әр адам жақсы аспаз бола ала ма? Ебі жоқ болса да үйреніп кете ала ма, әлде аспаздыққа да тума талант керек пе?
– Біріншіден, әрине, бұл істі жақсы көру керек. Іске деген сүйіспеншіліксіз бұл мәселеде жетістікке жету мүмкін емес.
– Сіздің болашағыңыз қандай? Мүмкін сіз біздің ауылда кафе ашқыңыз немесе курстарыңызды (мастер-кластар) ашқыңыз келе ме?
– Жақын арада өзімнің мастер-кластарымды ұйымдастырамын деп ойлаймын. Әзірге бұл қандай бағытта болатынын шешкен жоқпын. Ал алдағы мақсаттарымды құпияда қалдырамын. Біздің ауылда жоқ нәрсе жасағым келеді.
– Сіз кірістер мен шығыстардың есебін жүргізетін шығарсыз? Сіздің жұмысыңыз шығыныңызды ақтай ма?
– Ия, әрине, мұның бәрін жүргізу керек. Мен бағаны мүмкіндігінше қолжетімді қылуға тырысамын. Бірақ торттарға және басқа өнімдерге арналған барлық өнімдер өте қымбат. Ал адамдар бәрін арзанға алғысы келеді. Мен үшін аянбай еңбек етіп, клиенттің талғамынан шығатын тәттілеріңді ұсыну ғана басты орында. Қазір көп жұмыс жасап, тұрақты клиент жинақтап алу маңызды.
– Айына қанша тапсырыс қабылдайсыз? Және сіздің фишканыз қандай? өйткені, бәсекелестік бар дегендей.
– Тапсырыс әр түрлі. Мысалы, желтоқсан айында көп тапсырыстар болды, ал қаңтарда тынышталып қалды. Менің фишкам – менің барлық өнімдерім табиғи және мен барлық аспаздық бағыттар бойынша тапсырыстарды қабылдаймын. Мені бәрі #кухняРай деп біледі. Болашақта бұл атауды брендке айналдырғым келеді.
– Сіз торттарды әдемі безендіруді немесе тамақ дайындауда жаңа нәрсені кімнен, қайдан үйренесіз және қалай?
– Менің нақты тәлімгерім жоқ. Бірақ менде шабыт алатын адамдар өте көп. Мен әрқашан әр қайсысынан пайдалы нәрсе аламын, бұл адамның ерекшелігі. Сондықтан мен өз идеалымды жинаймын. Мысалы, мен бір адамнан тортты қалай жасау керектігін, ал басқасынан бисквит пісірудің ең жақсы әдісін аламын.
– Сіз маникюр шебері ретінде білім алған екенсіз. Сіз бәрін қалай оңай үйренесіз, құпиясы неде?
– Рақмет! Иә, мұндай нәрсе болды. Мен 2017 жылы оқыдым. 2019 жылы осы іспен айналыса бастадым. Бірақ содан кейін бұл менікі емес екенін, маған әлі де тамақ пісіру ұнайтынын түсіндім. Мен жай уақытты босқа өткізгім келмейді. Мұндай уақытта мен қандай да бір хобби табамын. Мен әлі де көп нәрсені ұнатамын. Мұның бәрі жай ғана өмірлік нәрсе. Тек жалқау болмау керек және сүйікті ісімен айналысу керек.
– Керемет! Демек жай отырғанды ұнатпайсыз!
– Ия, тіпті телефонда отырғанда да пайдалы нәрселерді оқып, тануға, жасауға болады. Қазір мүмкіндіктер уақыты.
– Сұқбатыңыз үшін рақмет! Ісіңізге сәттілік!
Сұқбат құрған Айзада Камалова,
М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың IV курс студенті
Жұлдызай Қойшекенова,
Сайқын ауылының тұрғыны:
– Райгүлдің тәттілерін бірнеше рет алдым. Қазір айналама осы Райгүлдің торттарын жарнамалап жүремін. Райгүлдің дайындаған кондитер өнімдерінің қайсын алсақ та, жасалуы, дәмі ерекше ғажап! Түрлі ас мәзірлерімен бөлісіп қана қоймай, үнемі әртүрлі пайдалы посттар, лайфхактармен де бөлісіп отырады. Ибалы, инабаттылығымен адамды баурап алатынын да айта кету керек. Сәттілік тілеймін.