23.01.2023, 17:15
Оқылды: 39

Рақмет саған, «Орал өңірі!»

Облыстық «Орал өңірі» газетінің ұзақ жылдардан бері тұрақты оқырманымын. Әр санын үзбей оқимын. Қазір 100 жылдан астам тарихы бар басылымның бет-бейнесі өзгерген. Мазмұнға бай һәм сапалы. Оқитын дүние өте көп. Өзім бастауыш сынып мұғалімі болғасын ба, әсіресе «Айналайын», «Балаларға базарлық» айдарына жіті мән беремін. Әрі оқушыларымның да тырнақалды туындыларын жиі жолдап тұрамын.

10

Жақында «Жайық Пресс» медиахолдингінде «Орал өңірі» газеті ұжымының ұйымдастыруымен балалар шығармашылығы байқауын қорытындылау кеші өтті. Салтанатты іс-шарада шәкіртім Әзиз Аңсабеков «Ұлы мәртебелі Тәуелсіздік» аталымы бойынша марапатталды. Оқушыма марапатты қазақтың көрнекті ақыны Ақұштап Бақтыгереева табыстап, батасын берген болатын. Шыны керек, осы бір тарихи сәтте Әзиз балам да, ата-анасы да қатты қуанған еді. Жалпы, марапаттау рәсімі өте жоғары деңгейде өткенін атап өткен жөн.

11

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шараға қатысқан ұстаздар, ата-аналар, оқушылар да көкейге үлкен ой түйіп, қанаттанып, шабыттанып, бір серпіліп қайтқанымыз анық. Әсіресе, балалардың шығармашылықпен айналысуға деген ынта-ықыласы артып, жылы жүздесу, сәулелі сәттен күш-жігер алды. Осы орайда жанам деген жүрекке от беріп, болам деген баланың әр кез белін буатын «Орал өңірі» газеті редакциясына шынайы алғысымды білдіремін.

Айжан Сәрсенғалиева,

Жаңақала ауданы

Жаңақала мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале