Күллі мұсылман жұртына қасиетті саналатын Рамазан айының жетінші күнінде "Jas Otan" жастар қанатының Теректі аудандық бөлімшесі мен "Бірлік" қоғамдық бірлестігі жетекшілері Теректі ауылының тұрғындарына "Рамазан қоржынын" үлестірді.
Бұл шарада жастармен қатар көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар да назардан тыс қалмады.
Ораза ұстаған жанның ең қуанышты сәтінің бірі саналатын ауызашарға күтпеген тосынсый жасаған ұйымдастырушыларға теректіліктер алғыс айтып, жылы лебіздерін арнады.
Аталмыш шара алдағы уақытта да жалғасын табады деп отыр ұйымдастырушылар.
Жауһар Нұрым,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz