4.06.2021, 23:14
Оқылды: 42

Рәміздер күніндегі велошеру

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Атаулы мерекеге орай Сырым ауданы орталығы Жымпитыда "Қайсар" спорт клубы және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы аталмыш мерекеге орай С.Датов, Абай, Амангелді, Қазақстан көшелерінен көк туымызды желбіретіп велошеру ұйымдастырды.

73C240D5-3523-4C43-B37D-FED96E2D227F

Велошеру аудандық мәдениет үйінің алдындағы сахнада "Ел рәміздері - Тәуелсіздіктің белгісі" атты мәдени шарамен межеленді.

Аудандық мәдениет саласының көркемөнерпаздары "Сырым сазы" фольклорлық ансамблі халық күйі "Тепенкөкті" күмбірлетсе, А.Елшібеков, А.Сисенова, А.Көлбаев, А.Жұма әсем әннен әуелетіп, М.Мамықов, М.Мұқанов, А.Алдамжаровтар дәстүрлі ән шеруін орындап, құлақ құрышын қандырды.

А.Жұмагелдиев, А.Қанатқали "Қазақстаным" әнімен мәдени шараның әдемі нүктесін қойды.

А.Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале