6.06.2024, 14:45
Оқылды: 91

Тасқалада рәміздердің қолданылуына мониторинг жүргізілді

Жақында ҚР рәміздері бойынша Тасқала ауданы әкімі жанынан құрылған комиссия мемлекеттік мекемелерді аралап, нышандардың ұлттық стандартқа сай орналасуы мен эстетикалық нормаларына мониторинг жасады.

FB2160FD-E673-4F70-84E1-5D04CEEFD75E

Топ құрамында ішкі саясат бөлімі және аудандық мәслихат мамандары, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың белсенді жастары мен аудандық газет тілшілері бар. Тексеру барысында кейбір мекемелерге тозған немесе оңып кеткен Туларды, мекеме атауы жазылған маңдайшалар мен Елтаңбаларды ауыстыру, мемлекеттік рәміздердің қараңғы мезгілде жарықтандырылуы туралы ескерту берілді.

Ту мен Елтаңбаның орналасу тәртібін, рәміздер тақтасының талапқа сай екенін қарады. Айта кетейік, бірде-бір мекемеде өрескел қателік анықталған жоқ.

Сонымен қатар тексеру барысында мекеме мөрі мен баспа бланкілерінің талапқа сай болуын, тозығы жеткен мемлекеттік рәміздерді жою туралы құрылған комиссия құрамы туралы бұйрықтың болуы, хаттамалардың, актілердің сапалы толтырылуы жөнінде тілге тиек етіп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Гүлмира Серікқалиқызы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале