2.11.2023, 13:00
Оқылды: 67

Рахман Бертілеуовке арналған көрме ашылды

Шыңғырлау ауданының тарихи-өлкетану музейінде шара өтті. «Музей - заман айнасы» тақырыбында ұйымдастырылған «Музей түні» шарасына аудан тұрғындары көп жиналды.

395358441_1750700265341734_2078784206675906424_n

Аудан руханиятының ордасы іспетті ұжымның жұмысына сәттілік тілеген аудан әкімі М.Өмірәлиев музей ісіне атсалысып жүрген аудан тұрғындарын алғысхаттармен марапаттады. Тарихи-танымдық мақсаттағы шара барысында келушілер археологиялық ескерткіштер залын аралап, ауданның «Сегізсай» елде мекені маңындағы әлемдік көне ескерткіштер каталогіне енген «Көне Сегізсай» ескерткіштер кешені жәдігерлерімен танысты.

Осы тұста ауданда туып- өсіп, шығармашылық ғұмыры Алматыда жалғасқан суретші жерлесіміз - Рахман Бертілеуовке арналған көрме ашылды. Ірі бес мемлекетте сурет көрмесі өтіп, өз елімізде де, өзге елдерде де кең танылған суретшінің кейінге қалдырған шығармашылық мол мұрасы суретшінің туыс апалары Айша, Жаңылсын, қарындасы Роза, бауырлары Шайхы мен Нұрланның қолдауымен музей төрінен орын алды. Бұдан былай бұл құнды ескерткіштер музей келушілерінің назарын қуантады.

395340574_1750700068675087_46662304134382548_n

Облыстық музей басшылығы тарапынан музей қолдаушыларына арнайы жолданған алғысхаттар легін басшы орынбасары Ажар Берікқалиева табыс етті. Мекеме жұмысын алға тартып, іргелі шаралармен аудан жұртын жиі тоқайластырып жүрген музей басшысы Тілеген Қалиевке де облыстық музей басшылығынан арнайы алғысхат табысталды.

 

Қаршыға Елемесов,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале