30.12.2021, 14:31
Оқылды: 54

Раздольный мектебінің ісі көпке үлгі 

«Жақсылық және мейірімділік» акциясы аясында Раздольный мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А. Дьяконов пен мектеп оқушылары үш апта бойы егде жастағы ауылдастарының ауласын қардан тазалады.

FB_IMG_1640847520625

Ауылда тұратын қариялар мен кейуаналарға осылайшакөмек көрсетіп, игі іс жасаған мектеп оқушыларына көпшілік разы. Білім ордасының әкімшілігі осындай акция арқылы жастарды жанашырлыққа тәрбиелеп, отансүйгіштік қасиеттерін оятқысы келетін айтады.

Акция әлі жалғасын табады екен. Жақсылыққа жаны құмар жандар қыс бойы ауыл ақсақалдары мен кейуаналарына жәрдемдеспек ниетте.

Жазғы демалыс кезінде де бұл бастама үзілмейді деген үміт бар.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале