18.01.2021, 10:41
Оқылды: 125

Редактор әкімдерді марапаттады

Аудан айнасы – жақсылықтың жаршысы. Ал басылымға жазылу науқаны – ең жауапты істің бірі. Осы орайда аудандық газет барша теректіліктерден қолдау күтеді.  Өткен жылы «Теректі жаңалығы – Теректинская новь»  газетінің таралымы мың данаға жуық болып еді. Биылғы жылды 1475 таралыммен бастап отырмыз. 

алгысхат

 

Алаштың ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген екен. Сол халық көзінің көруіне, құлағы естуіне және тілі жеткізуіне жанашыр болып жүрген жерлестеріміздің барын мақтан тұтамыз. Өз тарапымыздан Ахмет ұстаздың «Газет қызметі – халыққа бас, көз, құлақ, тіл болып ұлтының ар-абыройын күзетіп, жұртын жақсылыққа бастау, жаманшылықтан сақтандыру» деген сөздерін бұлжымас қағидаттай ұстанамыз.

Жаңалықтың жаршысы, аудан өмірінің айнасы болып отырған «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» газетінің редакторы Әділет Әлібекұлы басылымға жазылу науқаны кезінде белсенділік танытқан бірқатар округ әкімдеріне алғысхат табыстады.

– Газетке жазылу науқанын жай кезеңдік шара деп атүсті қарамай, төл басылымды қолдаған әкімдерге алғыс айтамын. Соның ішінде аудандық газетке жазылуды жаппай ұйымдастырған округ әкімдеріне ризашылығымды білдіріп, құрмет көрсетуді құп көрдім, – дейді редактор өз сөзінде.

Алғысхат Ақжайық ауылдық округі әкімі Болат Қадыралиев, Ұзынкөл ауылдық округі әкімі Руслан Ихсанов, Шағатай ауылдық округі әкімі Оразбек Құсайынов, Ақсоғым ауылдық округі әкімі Амангелді Ахметов, Новопавлов ауылдық округі әкімі Бахтияр Карл, Аңқаты ауылдық округі әкімі Айнұр Нурушева, Долин ауылдық округі әкімі Талғат Манатауов және Приречный ауылдық округі әкімі Мейрамбек Жақсыбековке табысталды.

Камелия Өтеу

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале