Ел келешегіне қатысты ең маңызды шараға қатысып, өз таңдауын жасауда Ақсуат ауылдық округіне қатысты Әйтиев ауылының тұрғындары да белсенділік танытып жатыр.
Әйтиев ауылындағы №381 сайлау учаскесінде таңсәріде Мемлекеттік Гимн шырқалды. Одан әрі халық учаскеге қарай ағылды. Дәл қазір сайлаушылардың қарасы азая қойған жоқ.
№381 сайлау комиссиясының төрағасы Шолпан Таңатарова:
– Референдумға қатысу – елінің ертеңіне алаңдайтын әр азаматтың парызы. Ауыл тұрғындары бүгінгі саяси науқанға белсенді қатысып жатқаны рас. Солардың бірі, зейнеткер Қадиша Баймулдиева. Таңмен таласа келген үлкен кісіге құрмет көрсетіліп, сыйлық берілді. Сайлаушыларға барлық жағдай жасалған.
Біздің ауылда қазір №381 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Мұнда 152 дауыс беруші бар, - дейді ол.
Ал сайлау барысын жіті назарда ұстап отырған байқаушылардың айтуынша, дауыс беру үдерісі заң талаптарына сай жүріп жатыр.
Самал Жәмет
Теректі ауданы