6.10.2024, 12:12
Оқылды: 62

Референдум-2024: саяси науқанда – «Жәнібек әйелдері»

Т.Жароков атындағы орта мектептің ғимаратында орналасқан №136 референдум учаскесіне ауданымыздың қоғамдық өміріне ұдайы белсене араласып келе жатқан «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігі мүшелері өз дауыстарын берді.
image-06-10-24-11-58-1
– Референдумға қатысу арқылы біз азаматтық белсенділігімізді танытып, әрқайсымыз үшін маңызды мәселе бойынша таңдау жасау мүмкіндігін алып отырмыз. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбіріміздің басты борышымыз. Себебі бұл бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт. Сол себепті бірлестігіміз атынан барлық аудан сайлаушыларын референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамыз, - дейді бірлестік  төрайымы Ғалия Елемесова.
image-06-10-24-11-58-2
Арай Сейфолла 
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале