3.06.2022, 12:45
Оқылды: 34

Референдум маңызды құжат

Конституцияда халық деген сөз бар, яғни билік халықта болуы керек. Мемлекет басшысының басты мақсаты да осы. Біз басқа мемлекеттерден еш кем емеспіз, құқығы қорғалған мемлекетте өмір сүруге тиіспіз. Ол үшін ең алдымен Конституцияны дұрыстап алуымыз керек, әйтпесе ісіміз алға баспай, еліміз одан әрі дамымайды.

WhatsApp Image 2022-06-03 at 11.47.42

Бұл Конституцияға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар еліміз бен қоғамның, жалпы Қазақстан территориясында өмір сүріп жатқан халықтардың жарқын болашағы үшін жасалынып жатқан үлкен саяси әлеуметтік маңызы бар құжат. Халқымыздың әл-ауқатын арттыратын онда адамгершілік, ізгілік, адалдық, азаматтық, ар-намыс, ұят негізінде адам құқығын қорғауға бағытталған, оның өз елінде еркін жірп, өмір сүруіне жасалынған алғы-шарт болып есептелінеді. Елімізді, халқымызды қорғайтын мықты заң жобасы қажет. Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, 5 маусымда өтетін референдумға баршаңызды шақырамын.

Тыныштық Өтешқалиев,

аудан ардагері,

зейнеткер өлкетанушы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале