14.09.2024, 15:00
Оқылды: 27

«Референдум – пікір білдіруге мүмкіндік беретін механизм» – Айгерім Мұсағалиева

20773AAF-4382-455B-9218-3C2EDCD7EE9C

Айгерім Мұсағалиева, ұстаз

– Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдум 6 қазанда өтеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте халыққа Жолдауында айтты.

«Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін.

Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын.

Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын, - деді Мемлекет басшысы.

Жалпы референдум – әр азаматқа өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін маңызды механизм. Бұл шешім қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Баршаңызды референдумға белсенді қатысуға шақырамын. Бұл – еліміздің болашағы үшін өте маңызды. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале