ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 5 маусым күні Республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Осы орайда бүгін Шыңғырлау аудандық аумақтық штаб мүшелері Сабыр Самиев пен Гүлжамал Жұмағазиева аудандық аурухана ұжымы қызметкерлерімен кездесіп, референдум туралы толық ақпарат берді.
Президент Қ.Тоқаевтың «Жолдауда айтылған бастамалардың негізгі мақсаты – саяси жүйемізді түбірімен өзгерту. Бұл халықтың көп жылғы талап-тілегінен туындап отыр. Азаматтарымыз мемлекетті басқару ісіне қатысуға кең мүмкіндік берілгенін қалайды. Сондай-ақ саяси үдерісті түбегейлі демократияландыру қажет деп санайды. Мұны тиімді жүзеге асыру үшін Ата заңымызға өзгерістер енгізу қажет» деген сөзінен үзінді келтіре отырып, Сабыр Самиұлы ақ халатты абзал жандарға еліміздегі саяси науқанға белсенді қатысып, өздерінің патриоттық көзқарастарын референдумда дауыс беру арқылы білдіруге шақырды.
Жалпы, аудан көлемінде тұрғындармен кездесу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында желілік кесте бекітіліп, ақпараттық-насихат жұмыстары үшін медиа-жоспар жасалған болатын. Өңірде құрылған қоғамдық штаб мүшелері жоспарға сай әр ауыл тұрғындарымен, мекеме қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыруда.
Аман Керей,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz