12.09.2024, 14:30
Оқылды: 69

«Референдумға қатысу – әр адамның азаматтық борышы» – Айдарбек Жұманиязов

7B5B1C70-82D4-4453-B111-3B87D9EA10DC

Айдарбек Жұманиязов

№136 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы

– Референдум – мемлекеттік мәселені шешу үшін өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Ол республиканың бүкіл аумағында өткізіледі.

Референдумда дауыс берушілерге сұрақ беріледі, оған «иә», «жоқ», «келісемін», «келіспеймін» немесе «қолдаймын», «қолдамаймын» деп жауап беруге болады.

Заңнаманың осы принциптеріне негізделіп, биыл 6 қазанда елімізде Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты республикалық референдум өткізілетін болады. Жоғарыда айтылғандай, бұл референдумда қойылған сауал бойынша біз «келісетіндігімізді» немесе «келіспейтіндігімізді»білдіруіміз қажет.

Референдумға қатысу арқылы біз азаматтық белсенділігімізді танытып, әрқайсымыз үшін маңызды мәселе бойынша таңдау жасауға мүмкіндік аламыз.

Жоғарыдағы негізінде, барлық аудан сайлаушыларына референдумға қатысып, өз таңдауларыңызды жасаңыздар дегім келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале