11-13 наурыз күндері Оралда тоғызқұмалақтан БҚО мектеп оқушылары арасында олимпиадалық жарыс өтті.
Аталмыш додаға аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жоғары санатты жаттықтырушысы Қайрат Маратұлы жетекшілік ететін тоғызқұмалақ тобының оқушылары да қатысып, бақтарын сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша 2-4 - сынып ұлдар арасында Ақниет Жанболат пен қыздар арасында Кәмила Дамирқызы қола жүлдегер атанды.
5-8-сынып ұлдар арасынан Нұрәлі Арматұлы күміс жүлдеге ие болса, 9-11 сынып бойынша ұлдардан Нұрберген Түсіпқали алтын жүлдені қанжығасына байлады.
Жарыстан жүлделі І, ІІ орын алған оқушылар мамыр айында Астанада өтетін республикалық кезеңіне жолдама алды.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz