2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілетін облыстағы Республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі 6-8 қаңтар аралығында оздырылған болатын.
Осы сайыста Казталов ауданынан жолдама алған 20 оқушы (жаратылыстану- математика бағыты бойынша - 8, қоғамдық- гуманитарлық бағыты бойынша - 12) үздік көрсеткішктерге қол жеткізіп, білім сайысы нәтижесінде бір оқушы І орын, екі оқушы ІІ орын, үш оқушы ІІІ орын жеңіп алса, бес оқушы алғыс хатқа ие болып, аудан оқушыларының білім алу жетістігін анағұрлым арттырды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың үшінші облыстық кезеңінің жеңімпаз-жүлдегерлерін санамалап айтар болсақ, Саида Абуханова І орын (орыс тілі пәні, Кенжебек Меңдәлиев атындағы ЖОББМ, 11 сынып оқушысы, жетекшісі - Жұбай Диана Азаматқызы), Дана Талапова ІІІ орын (қазақ тілі пәні, Алма Оразбаева атындағы ЖОББМ, 10 сынып оқушысы, жетекшісі - Сармалаева Ботагөз Мусабекқызы), Айна Чапаева ІІ орын (орыс тілі пәні, Ғинаят Молдашев атындағы ЖОББМ, 9 сынып, жетекшісі - Каримова Надежда Хабиболлақызы), Ұлпанай Бисенбайқызы ІІІ орын (қазақ тілі пәні, Талдыапан ЖОББМ, 11 сынып, жетекшісі - Берғалиева Ақерке), Егіз Мадина ІІІ орын (орыс тілі пәні, Ғұмар Қараш мектеп гимназиясы, 10 сынып, жетекшісі - Нарешова Светлана Бахиқызы), Әлия Нәсіпқалиева ІІІ орын (биология пәні, Қайыңды ЖОББМ, 9 сынып, жетекшісі - Қуанғалиева Светлана Нұгманқызы). Алғыс хат иелері Мейрамгүл Асылбекқызы (ағылшын пәні Алма Оразбаева атындағы ЖОББМ, 9 сынып, жетекшісі - Қуаныш Алтынай Берікқызы), Шыңғыс Сағындық (тарих пәні Қараөзен мектеп лицейі, 11 сынып, жетекшісі - Сағидуллин Уалихан Ергалиұлы), Ерасыл Ғилым (биология пәні Кенжебек Меңдәлиев атындағы ЖОББМ, 11 сынып, жетекшісі- Науханова Дина Бисембайқызы), Армат Набиқұл (география пәні Мәжит Жүнісов атындағы НОМ, 9 сынып, жетекшісі - Ибрашева Светлана Жауынгерқызы. Алғыс хат иелері Арнұр Қабош (география пәні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы МБК, 11 сынып, жетекшісі - Қажығалиев Рустам Сәкенұлы).
Осы орайда биылғы оқу жылының олимпиада жетістігін өткен жылғы 2023-2024 оқу жылының қорытындысымен салыстырар болсақ, 2023-2024 оқу жылы облыстық кезеңнен 7 оқушы алғыс хатқа ие болса, биылғы жылы ол көрсеткіш 2024-2025 жылы 6 орын, 5 алғыс хатты иеленуі нәтижесіне жеткізіп отыр. Ұстаздардың еселі еңбегі мен оқушылардың таудай талабын осыдан-ақ көруге болады.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы