24.09.2024, 21:42
Оқылды: 149

Республикалық халықтық штабтың мүшелері Шыңғырлауға келді

Шыңғырлау ауданына іссапармен келген АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық халықтық штабтың мүшелері – облыстық мәслихат депутаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры, басқарма төрағасы Нұрлан Серғалиев, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің стратегиялық даму және иновация департаментінің директоры Эдуард Имашев аудан тұрғындарымен, мекеме, бөлім қызметкерлерімен кездесті.

WhatsApp Image 2024-09-24 at 17.26.29

Жиында АЭС салынуына қатысты барлық ақпараттар берілді. Нақтырақ айтсақ, осы құрылыстың экономикамызға әкелер пайдасы, ел өркендеуінің ілгері жылжуына тигізер септігі, оның қажеттілігі мен маңыздылығы туралы айтылды. Сондай-ақ штаб мүшелері ел ішінде тараған жалған ақпараттарға, қалыптасқан қате түсініктерге қатысты нақты, дұрыс пікірлерін айтты.

WhatsApp Image 2024-09-24 at 17.26.32 (1)

Жалпы АЭС салынуы елдің экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Дамыған елдерде аталмыш станциялар көптеп қолданыста және бұрыннан жұмыс жасап келеді. Біздің елімізде алғашқы рет қолға алынып, талқыға түсіп тұрған осы бастаманың салынып, салынбауы 6-қазанда белгілі болады. Қазақстан қажетті ресурстардың көлемі бойынша алдыңғы қатарда. Десе де соны игеретін мүмкіндіктерді әлі де пайдаланбай келеді. Сондықтан да АЭС-тың салынуы әлемдік көштен қалмай, ілгері жылжуға сеп болары сөзсіз.

Осы тақырып төңірегінде түрлі қате ұғымдар, орынсыз пікірлер, жаңылыстыратын жаңалықтар толып жүргені мәлім. Сенімсіз ақпарат көзінен тараған, ешқандай ғылыми дәлелі жоқ мәліметтерге илану мүлде дұрыс емес. Қандай да бір түсініспеушілік туындап, күдік, күмән пайда болса ізденіп, оқып, ең бастысы сенімді ақпарат көзіне жүгіну керек.

WhatsApp Image 2024-09-24 at 17.26.35

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АЭС салуды шешетін референдумның өткізілетіні туралы жарлыққа қол қоюы - әділетті, Қазақстан халқының пікіріне ден қойып отырғаны. Көзі ашық, көкірегі ояу халық ретінде, дамыған мемлекеттің азаматтары ретінде, оң мен терісті ажырата отырып, өз таңдауын жасайды деп, осындай маңызды бастаманы халықтық дауысқа қойып, шешім қабылдауына сенім білдіріп отыр ел басшысы. Сондықтан да алдағы референдумда күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша өз дауысын беру – әрбір азаматтың парызы. Себебі әркімнің дауысы маңызды.

Осының барлығын республикалық халықтық штабтың мүшелері айқын әрі сенімді ақпараттарды жіктеп бере отырып, жиынға қатысушыларға жеткізе білді. Халық арасынан шығып, сауалдарын қойып, пікірлерін жеткізгендер де болды. Бұл - кім кімді де мазалап жүрген ойлар, туындаған сұрақтар жауабын тапқан, көптің көзі ашылып, мардымды мағлұматтар алған кездесу болды.

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале