Бөрлі аудандық демалу орталығының көркемөнерпаздары әр апта сайын қаламыздың тұрғындары мен қонақтарының демалыс уақытын көңілді өткізіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында шаралар ұйымдастырады.
Жақында қаламыздың «Наурыз» саябағында аудандық демалу орталығы мен ауылдық мәдениет үйлерінің көркемөнерпаздары бірлесіп қала тұрғындарына «Мәдениет VIBE» жобасы аясында «AUYL PARTY» ретро концерттік бағдарламасын ұсынды.
Концертте Кеңес Одағы уақытында жазылған ретро әндерді орындалды.. Қала тұрғындары 1980-1990 жылдары жазылған әндерді тыңдап, бір демалып қалды.
- Осындай шаралар арқылы қала тұрғындары күнделікті тіршіліктен бір демалып, уақытын көңілді өткізеді. Мен зейнет жасындамын. Осы концерт арқылы көптен естімеген әндерді тыңдап, бір марқайып қалдым. Бүгінгі шарада біздің жас кезіміздегі әндер шырқалды. Бұл концерт әр аптаның жұма күні болып тұрады. Апта сайын әр түрлі өнерпаз келіп, өнерлерін көрсетеді. Қаламызда осындай концерттердің болып тұрғаны өте жақсы. Ретро концерттік бағдарламаны ұйымдастырып отырған мәдениет үйіне алғысым шексіз, - дейді қала тұрғыны Әсима Бердібекқызы.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz