1.02.2024, 14:45
Оқылды: 43

Ретро кеш өткізді

Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен аудан көркемөнерпаздары және басқа сала қызметкерлердің қатысуымен  көптен күткен ретро ән кеші өтті.

4b0218a8-a0a8-44d6-9311-24edd4119d1b

Бұл шарада махаббатқа толы, сырлы жастық шақты еріксіз көз алдына әкелетін сүйікті әндер шырқалды.

«Retro fest Janaqala» ән кешінде  аудандық мәдени-демалыс орталығы әншілері басқа сала мамандарымен өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

65feea67-e266-445d-a900-392fba45f64c

Шара барысында ойындар ойнатылып, түрлі сертификаттар табыс етілді.

 Концертке жиналған аға буын өкілдері жастық шақты еске алып, ретро әндерді бірге қосылып шырқады.

Аруғаным Қазиева,

Жаңақал ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале