3.08.2022, 17:56
Оқылды: 52

Ревакцинация – қажеттілік

Бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімінің төрағалығымен коронавирусқа қарсы ревакцинация бойынша жиын өтті. Оған аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Айбек Ғазезов, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Салтанат Ералина, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Сәуле Исмағұлова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина қатысты. Жақсылық Каримоллаұлының айтуынша, коронавирус инфекциясы бойынша үкімет отырысы өткен. Covid-19-ға қарсы вакцина салдыру көрсеткіші Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды облыстарында төмен.

5

-Елде эпидемиологиялық жағдай қайта өршуі мүмкін. Сол себепті вакцина салдыру маңызды. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет. Ауданда вакцинаның ІІІ компонентін алмағандар бар. Қазіргі таңда вакцинаның IV компонентін салдыру басталды. Әдеттегідей мемлекеттік, медицина, құқық қорғау органдары мен білім беру саласының қызметкерлері қайта ревакцинациядан өту қажет, - деді аудан әкімінің орынбасары.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар шілде айында 4, тамыз айында төрт адам тіркелді. Вакцинаның қайсыбір компонентін алғаннан кейін келесі вакцинаны 3 айдан кейін салдыру ұсынылады. Алайда 6 ай өткеннен кейін міндетті түрде вакцинаны салдыру қажет. Тұрғындар вакцина салдырудың қажеттілігін дұрыс жағынан түсіну керек. Тұрғындар арасында «вакцина салдырғаннан кейін есте сақтау қабілетім нашарлады, ұйқышылдық, әлсіздік орын алып, иммунитетім түсіп кетті» деген түрлі қауесет әңгімелер орын алып келеді. Неге олай дейтіндерін білмеймін. Тіпті, сәбиге егілетін АКДС секілді вакциналар әлдеқайда күштірек. Оның ішінде үш түрлі вирус бар. Ал Covid-19-ға қарсы вакцинада тек біреу ғана. Сондықтан вакцина салдырудан қорықпау керек. Қазіргі таңда ауруханада QazVac вакцинасы бар, - деді аудандық аурухананың бас дәрігері С.Исмағұлова.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов қорытындылады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале