5.02.2025, 10:45
Оқылды: 105

Ас - садақа үшін асхана салынса…

Сырым ауданының бас имамы Нұрәлім мырзаға оқырманмен ысырапшылдық тақырыбын талқылайық деген біз едік. 

PHOTO-2025-01-28-23-21-01

Иә, даңғазалық пен дарақылық тойды айналып өтіп, қазаның қонақасына да жетті.

Әңгіме, садақаларды мейрамханаларда беруде емес.  Халық сыйымды тамақтану орыны сол болғасын ел тұтынады да. Мәселе, біздің қазаның асына да тойға дайындалғандай әбігер болатынымызда болып тұр.

Пәленшеден кембіз бе?!

Түгеншеден ұят болар! - деген нәрсе кісісі өлген үйдің уайымы ма?!

Тұрғындарды ас - садақалар кезінде қарапайым мәзір жасауға үндер едік.  Осыны үйдегі үлкендер айтып отырса жастар тіл алар еді деп ойлаймыз.

Жоғарыда мейрамханалар турасында айттық. Көп аудандарда мешіт аулаларында кең, кісі саны сыйымды залдар бар. Мәселен, Бөрлі ауданының орталығында сондай асхана халықтың игілігінде деп естідік.

Сырым ауданының мешітінің жанынан да ас - садақалар, діни мерекелерде қонақасы берілетін ғимарат салынса қалай болар екен? Шағын ұжымы - ішінде аспазы, даяшысы, ҚМДБ бекіткен мәзірі - ең бастысы ысырапқа жібермейтін тәртібі бар асхана болса, ел тұтынар еді. Сырым аудандық ардагерлер кеңесі осындай ой айтамыз.

Мүсірбек Айташев, 

Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале