23.08.2026, 13:20
Оқылды: 13

Сайқында су жаңа дүкеннің тұсауы кесілді

Құрылтай депутаттарын сайлаумен тұспа-тұс Сайқын ауылында тағы бір қуанышты жаңалық орын алды. Ауыл тұрғындары үшін жаңа нысан – «Әлемтау» дүкенінің ашылу салтанаты өтті. Ел өміріндегі маңызды күнмен тұспа-тұс келген дүкеннің ашылу салтанатына аудан басшылығы, кәсіпкерлік саласының өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

IMG-20260823-WA0062

Жиында аудан әкімі Нұрлыбек Даумов жаңа нысанның ашылуымен кәсіпкерді құттықтап, ауылдың дамуына бағытталған әрбір бастаманың маңызы зор екенін атап өтті. «Әлемтау» дүкені тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, халық игілігіне жұмыс істейтін, Сайқын ауылының көркеюіне өзіндік үлес қосатын құтты мекен болсын деген ізгі тілегін білдірді.

IMG-20260823-WA0052

Содан соң дүкен иесі Балзия Батырханқызы да салтанатты шараға арнайы келген қонақтарға "қош келдіңіз!" айтып, қуанышымен бөлісті. Шараның ең әсерлі сәтінде су жаңа ғимараттың лентасын аудан әкімі Нұрлыбек Жасқайратұлы, аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы филиалының төрағасы Бибігүл Мұқасқызы және кәсіпкер Самат Оңаев қиды.

IMG-20260823-WA0056

Сайлау күні бастау алған жаңа дүкеннің саудасы қызу, тұтынушысы көп, берекесі мол болсын дейміз біз де.

Ақсәуле Әлжанова 

Бөкей орда ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале