Сайқын ауылдық округі әкімін сайлау бойынша дауыс беру басталды.

Сайлау әдеттегідей урналардың пломбысын тексеру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне жасалған жағдайларды тексерумен басталды.

Сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, сайлау учаскесінің төрағалары сөз алды. Осыдан кейін алғашқы сайлаушылар өз таңдауларын жасады.

Дауыс берушілердің алдыңғы көшін де әдеттегідей аға буын өкілдері бастады.

Сайлау учаскелері таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ға дейін жасайды.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы