Ақ жаулықты аналарымыздың батасы мен азаматтық белсенділігі – кез келген маңызды науқанның көркі. №127 сайлау учаскесінде де аға буын өкілдері ерекше белсенділік танытып, маңызды саяси оқиғада өз таңдауларын жасауда.
Мұнда арнайы келіп дауыс берген ақ жаулықты анамызға учаске өкілдері де ізгі ниеттерін білдіріп, естелік сыйлық табыстады және арнайы суретке түсті. Асыл қазынамыз – қарттарымыз аман болып, ел бірлігі мен сабақтастығы арта берсін!
Айгерім Төлепова,
Жаңақала ауданы