24.01.2024, 17:54
Оқылды: 30

«Сайлау мәдениетін қалыптастыру - біздің міндетіміз»

Бүгін​ Бөкей ордасы ауданына жұмыс сапарымен келген Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов әріптестеріне дәл​ осынай міндет жүктеді.

IMG-20240124-WA0114
Әділ Жоламановпен бірге облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Райымбек Нүрекешов пен Фархад Хайретдинов бірге келді.

Айта кетелік, Фархад Хайретдинов біздің ауданның кураторы екен.

IMG-20240124-WA0118

Облыстан келген жұмыс тобы алдымен аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы​ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері отыратын офиске соғып, сайлау комиссиясының материалдық базасымен танысты.

IMG-20240124-WA0106
Бұдан кейін Әділ Жоламанов​ ​ жаңадан жасақталған аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерімен кездесті. Аудандық​ аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бекбол Жұмабекұлы комиссия құрамымен таныстырып, аудан бойынша сайлауға қатысты толық мәлімет берді. Комиссия мүшелерінің алды сайлау науқанына сегіз жылдан бері қатысып келе жатса, соңғыларының сайлаудағы еңбек өтілі бес жыл. Оның айтуынша, 140 комиссия мүшесінің 67-і ауыстырылған.
— Осы сапарға шыққандағы мақсатымыз аудандардағы​ сайлау комиссияларының материалдық жағдайын білу және комиссиялардың жаңа құрамымен танысу. Аудандардағы жағдай әр түрлі. Бір аудандарда сайлау комиссиялары айналымға келмейтін​ ұядай жерде, немесе бір мекеменің қоймасында отыр.​ Сапар соңында анықтама жасалып, жергілікті билік органдарына қызметтік хат жазылады.​ Шыны керек, халық тарапынан сайлау комиссиясының жұмысына айтылатын сын көп. Сайлау комиссиясы тек науқанда ғана жұмыс жасамауы керек. Біз халықтың сайлау мәдениетін арттыруға жұмыстануға тиіспіз. Сайлаудағы жариялылық пен ашықтық үшін қызмет етуіміз керек. Яғни, саяси тұлға болуға міндеттіміз. Қазір​ сайлау науқанына сыни тұрғыдан қарайтындар көп, бұл заңды, дұрыс, сол үшін де комиссия дұрыс жұмыс жасауы керек. Комиссия мүшелері ұйымдастырылған оқуларға қатысып, біліктіліктерін арттыруды қажет, - деді Әділ Жоламанов.
Әділ Тауфиқұлының айтуынша, облыс бойынша бір айда кем дегенде екі әкім сайлауы өтеді екен. Биылда да отызға жуық жоспарлы сайлау өткізу көзделген.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі, Бөкей орда ауданы бойынша куратор​ Фархад Хайретдинов сөз алып, ауданда өткен сайлау науқанына қатысты сын-ескертпелерін айтты.
- Бөкей ордасы бойынша сайлау учаскелерінде мүгедек жандардың жағдайын ескеруден кемшін қалдық. Негізі, сайлау комиссияларының мектептерде орналасқаны дұрыс. Интернет те, пандус, арнайы белгілер де толық қарастырылған, - деген ұсынысын айтты.
Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов аталмыш олқылықтардың орнын толтыруда тиісті іс-шаралар қабылданғанын, комиссияның құрамы ғана жаңартылып қоймай, учаскелік комиссиялардың жайлы ғимараттарға ауыстырылғанын айтып, алдағы сайлаулардың белгіленген талаптарға сай өтетініне сендірді.

Ұлпан Жакина,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале