2.02.2023, 15:15
Оқылды: 47

Сайлау науқанына арналған семинар

Бүгін Жалпақтал ауылындағы жастарға арналған коворкинг орталығында «Дүниежүзілік сайлау күнін» жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өту дәстүрі аясында еліміз толыққанды мүшесі болып табылатын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының (ACEEO) бастамасымен дөңгелек үстел бағытында семинар кеңес өтті.

6

Дүниежүзілік сайлау күнінің мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысқан еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру болып табылды.

Сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласының мамандары Дүниежүзілік сайлау күнін белгілей отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мен тұрғындардың сайлауға белсенді қатысуын көздейтінін біздер жақсы білеміз.

Қазақстан беделді халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі бола отырып, өзі қабылдаған ерікті және бәсекелі сайлау өткізу жөніндегі барлық міндеттемелерді ұстанады. Мемлекет басшысын, Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихаттарының депутаттарын, сондай-ақ түрлі деңгейдегі әкімдерін сайлау біздің елімізде ұлттық заңнамаға және Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясына (1948 ж.), Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы актіге (1966 ж.), ЕҚЫҰ Копенгаген кеңесінің құжатына (1990 ж.) енгізілген демократиялық сайлаудың жалпыға бірдей танымал принциптеріне сәйкес ашықтық және жариялылық жағдайларында өтеді.

Сайлау және сайлану құқығы 1995 жылғы қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда реттелген.

Ауданымыздағы аумақтық сайлау учаскелері бойынша, 48 сайлау участогы бар. Онда 250 адам қызмет етеді. Олар: сайлау участогінің төрағасы, орынбасары, хатшысы және  мүшелері.  Аумақтық сайлау учаскесінде соңғы 3 жылда «Жастар практикасы» жобасы негізінде жас мамандар да жұмыспен қамтылуда.

Биылғы жыл басында  ҚР Сайлау заңының толықтырулары мен өзгерістерінің аясында ауданымызда 11 округтік сайлау комиссиясы ұйымдастырылып ашылды. Ол жерде 5 комиссия мүшелерінен тұратын, барлығы 55 адам жұмыс жасайды.

Орталық сайлау комиссиялары нормативтік құжаттармен, онлайн сабақтармен, тағы да басқа мәселелерге толықтай көмек көрсете алады. Онда аумақтық сайлау участоктерінің комиссия мүшелері өздеріне қажетті көмектер, түсінбеген сұрақтарына жауаптар, сайлау участоктерінің жұмыстарын ұйымдастыру бойынша дәрістер алады.

7

Міне, осындай толық мәліметпен жалпыға бірдей түсінік берген №10 аумақтық сайлау учаскесінің төрағасы Нұрлан Есқалиев өз баяндамасында семинарға қатысушы Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің студенттерінен құралған жас сайлаушыларға сайлаудың маңыздылығы жайлы мол мағұлұматтар ұсынды.

Семинар барысында осыған дейінгі сайлау науқанына белсене қатысқан азаматтарға Алғысхаттар табыс етілді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале