18.05.2025, 17:57
Оқылды: 270

Сайлау науқанында саралжындықтар белсенділік танытуда

Саралжында өтіп жатқан сайлау науқанында байқаушылар да белсенділік танытуда. Бұл сайлауға «Нарын жастары» ЖҚБ, «Бөкей ордасы ардагерлері» ҚБ, «AMANAT» партиясы атынан байқаушылар қатысуда.

IMG-20250518-WA0117
- Байқағанымдай, Саралжын ауылдық округіндегі №71 сайлау учаскесі өз жұмысын белсенді бастады. Сайлаушылар үшін тиісті талаптар қатаң сақталған. Халықтың демократиялық үрдіске көзқарасы жақсы, әсіресе өмірдің ащы-тұщысын көрген көреген кісілердің сайлауға ықыласы ерекше екен, - дейді Бөкей ордасы ардагерлері ҚБ атынан байқаушы боп тағайындалған Бибігүл
Бижанова.

87 жастағы ел анааы өз таңдауын жасады

Жасы тоқсанға таяп қалған Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы  Қаламқас Жасқалиева анамыз  сайлау учаскесіне өзі кеп, дауыс берді.

IMG-20250518-WA0110
Қаламқас әжеміз  Қадыр Мырза Әлидің шығармаларын жатқа оқып, жадысының мықтылығымен  қалың жұртшылықты таңқалдырған жан.
- Сайлау — халықтың таңдау жасау үшін өтіп жатқан саяси науқан. Сондықтан, халықтың таңдауы, әр адамның дауысы маңызды. Қала берді бұл бүгін біздің ауылымыз үшін үлкен сын. Ауыл халқының белсенділігі, саяси сауаттылығы көрінетін науқан. Сондықтан, «менсіз де өтер» деп немқұрайлылық танытуға болмайды, - дейді Қаламқас әжеміз.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале