16.07.2021, 11:56
Оқылды: 46

Сайлауға белсенді қатысайық

Үстіміздегі жылдың  25 мамыры күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстандағы сайлау туралы» Конституциялық заңға әкімдерді сайлауды енгізу және  барлық үміткерге қарсы дауыс беруді қарастыратын түзетулерге қол қойды.

A0F7D454-E9E8-4A81-AFB8-C3D4DE393944

2013 жылдан беріде әкімдер жанама түрде сайланған. Яғни әкімдерді тікелей тұрғындар емес, мәслихат депутаттары сайлады. Әкім болуға  кандидаттарды да одан жоғары тұрған әкімдер, яғни аудан әкімдері ұсынатын еді. Енді мәслихат депутаттары сайлаған ауыл әкімдерінің өкілеттігі тоқтаған кезде сайлау тікелей өтеді. Қарапайым тілмен айтқанда, ендігі кезекте округ әкімдерін халық сайлайтын болады.

Бұл маңызды шара біздің Теректі ауданында да өтеді. 25 шілде күні ауылдық округ әкімдерін халық тікелей дауыс беру арқылы сайлайды. Әрине, халық арасынан шыққан, елдің жағдайын білетін, халықтың қажеттілігін айтпай-ақ түсінетін адамды сайлауға біздің құқығымыз бары қуантады. Дамыған елдерде бұл үрдіс бұрыннан қолданылып келе жатыр. Өзін тәуелсіз санайтын әрі өзіндік болмыс-бітімі қалыптасып, ойын саналы жеткізе алатын әр азамат өз елінде болып жатқан оқиғаларға ерікті түрде пікір білдіруі керек. Қоғамда болып жатқан маңызды шешімдерге атсалысуы керек. Сондықтан да бұл сайлау өте маңызды шешімдердің бірі.

Бұған бейжай қарамай, ауылымыздың ертеңі үшін ерікті түрде барып дауыс беруіміз керек.

Толқын Алпысбаева,

Теректі ауданының тұрғыны

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале