9.12.2021, 23:51
Оқылды: 36

Сайлауға қатысты семинар өтті

Бәйтерек ауданы əкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаевтың төрағалығымен сайлауға қатысты кейбір мəселелерге арналған оқу семинары өтті.

IMG_20211209_222712_920
«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерін сайлау: сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында өткен семинарға облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В. Иночкин, БҚО аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы К. Аралбекова, Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары С. Кинжигереева және "Батыс IT" ЖШС-нің маманы Ф. Хайретдинов, аудандық аумақтық сайлау комиссиялары мүшелері, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, хатшылары мен мүшелері қатысты.

IMG_20211209_222712_768
Семинар барысында әкімдердің тікелей сайлауын ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, байқаушылардың жұмысы, сайлау комиссиялары мүшелерінің жеке жəне кəсіби құзыреттерін дамыту, сайлауға байланысты есептілікті жасау тəртібі, дауыстарды санауды ұйымдастыру жəне сайлау учаскелерінің қолжетімділігі туралы түсінік берілді.

IMG_20211209_222712_724
Шара соңында ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай ауданның бір топ азаматтары облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының алғыс хаты, аудан əкімінің алғыс хаты жəне аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының алғыс хатымен марапатталды.

IMG_20211209_222713_111

IMG_20211209_222713_083

Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале